Бас жаңалықтар
Ақтөбеде «Ең үздік бесбармақ» сайысы өтті
22 Наурыз 2019, 15:12 759

Ақтөбеде «Ең үздік бесбармақ» сайысы өтті

Астана, BAQ.KZ. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай Ақтөбе қаласы, Фартук мейрамханасында Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Ақтөбе қаласының 150 жылдығы және Жастар жылы аясында қаламызда бірінші рет «Ең үздік бесбармақ – 2019» атты қалалық сайыс өтті.

Қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі «бесбармақ» тағамы көпшіліктің сүйікті асы. Ертеден ата-бабамыз ет табағының әзірлену заңдылығына аса зейінділікпен мән берген. Шараның негізгі мақсаты – осы заңдылықты жастарға үйрету, сүйек тану, табақ тартудағы ырым-тиымдар туралы біліктіліктерін арттыру. Қатысушылардың аспаздық шеберліктерін одан әрі шыңдау барысында жұмыстарына баға беру және үздігін анықтау негізі көзделген.       

Сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлде иегері Жолмұқан Жарқынайға бағалы сыйлық және 15 000 теңге сертификаты, 1-орынды иеленген Оңғарова Әсемге бағалы сыйлық және 15 000 теңге сертификаты, 2-орынды иеленген Мұғадем Гүлжанатқа бағалы сыйлықа және 10 000 теңге сертификаты, 3-орынды иеленген Баекина Аяжанға бағалы сыйлық және 5000 теңге сертификаты табысталды.

Загрузка...

Сізден жаңалық