Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылған еді.