Бас жаңалықтар
9 наурызға арналған ауа райы болжамы
09 Наурыз 2019, 09:30 268

9 наурызға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің кей жерлерде жауын-шашынды болып, оңтүстікте көбінесе жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының  кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 

Ақмола, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Загрузка...

Сізден жаңалық