Көктем шуағы. Шымкенттің гүл сататын орамы

8 Наурыз 2019, 18:05
7184
Бөлісу:
Көктем шуағы. Шымкенттің гүл сататын орамы
Фото: автордан

Шымкент қаласы және Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Акацияда жүрмін» «Акация жақтамын». Шымкентте жиі айтылар мекенжайдың бірі осы. Аттас аялдамасы да бар. Республика даңғылы мен А. Асқаров көшелерінің қиылысындағы осы гүл сату орамына шымкенттіктердің көбі барады. Бармағаны бар екенін біледі. 

Мұнда гүл сатады. Тірі гүлдер. Топырақта өсіп, гүлдегенде үзілетін гүлдер. «Акацияда» 8 наурыз жақындағанда қарбалас басталып, 8 наурыздың түніне дейін жалғасады. Бүгін, 8 наурыз күнгі баға да әдеттегіден қымбат болып тұр.

Шымкенттіктердің жақсы көріп, жиі таңдайтын гүлдері санаулы екен. Сатушылардың айтарынан да ұсынарынан да байқалатыны осы.

Олар – түрлі түстегі раушан гүлдері, яғни роза гүл, одан кейін түрлі түстегі қызғалдақтар (тюльпан), сосын бақытгүл, лалагүл және альстремерия. Бақытгүлдің көп аузындағы атауы – хризантема. Ал лалагүліміз – лилия гүлі. Альстремерияны сатушылар «астрамерия» деп атайды екен.

Көктем шуағы. Шымкенттің гүл сататын орамы

Алушыға ең алдымен раушан гүлін не қызғалдақты ұсынады. Содан кейін барып, кімге сатып алатынын сұрайды. Әрмен қарай неше теңге шамасында неше дана алатынын біледі.

Гүл бағасы әртүрлі, ең өтімдісі раушан гүлдері. Бір данасы 500 теңгеден басталады. Бағасының алуандағы қайдан әкелінгеніне байланысты. Ең қымбаты – Нидерланд елінен жеткізілетін, яғни голланд розасы. Оның әдепкі бағасы 800 теңге тұрады. 1000 теңгеліктері де бар.

Көктем шуағы. Шымкенттің гүл сататын орамы

Қытайдан әкелінгені раушандар 600-700 теңге шамасында болса, ең арзаны отандық раушан гүлдері. Сатушының аузымен айтқанда «местный розалар». Өзіміздің раушанды 400-500 теңгеде табасыз.

Көктем шуағы. Шымкенттің гүл сататын орамы

Раушан гүлдерінің бағасына жеңілдік сұрасаңыз, қанша данасын алатыныңызды сұрайды. Көп данасын, яғни 10-15-тен көп алса, онда 50-100 теңгеге арзандатады. Не бір тиынға да түспейді.

«Кімге қандай гүл аламын» десеңіз, әжелерге, аналарға ақ не алқызыл раушанды, әйеліңізге, сүйіктіңізге қызыл раушанды сатып алуды ұсынады. Тіпті әр түстісінен араластырып, гүл букетін жасап береді.

Одан кейінгі ұсынатыны – қызғалдақ. Сан түсі мен түрі бар. Ең қымбаты – голланд қызғалдағы, арзаны – Қытайдан әкелінгені. Бағасы 400-500 теңге шамасында. Көп алсаңыз, жеңілдігі бар.

Көктем шуағы. Шымкенттің гүл сататын орамы

Және бір көп сатылатыны – бақытгүл, яғни хризантема гүлдері. Оның да алуан түсі бар. Ең өтімдісі ақ, қызыл және сары түстілері. Көздің жауын алады. Хризантеманы көбіне көп астрамериямен араластырып, гүл букетін жасайды. Хризантеманың бір данасы – 700 теңгеден бағаланады. Көп алсаңыз, 30-50 теңге арзандатады. Көбіне көп анасына, әжесіне, әріптестеріне, туған-туыстарына сатып алып жатыр.

Көктем шуағы. Шымкенттің гүл сататын орамы

Хризантемамен қатар жүретіні - альстремерия, яғни астрамерия гүлдері. Бұл гүлді де көбіне анасына, әжесіне алады екен. Сатушылар өз сөздерінде «Көктем жинағы», «весенний букет» деп атайды.

Көктем шуағы. Шымкенттің гүл сататын орамы

Осы астрамерия мен бақытгүл, яғни хризантеманы араластырып та гүл букетін жасап береді. Астрамерияның бір данасы 400 теңгеден сатылып жатыр. Бұл гүлді бір данасын алып сыйлауға жарамайды. Көбіне көп бірнеше данасын алып, жоғарыда айтқандай, хризантемамен үйлестіреді. Сөйтіп сатады.

Көктем шуағы. Шымкенттің гүл сататын орамы

Көктем шуағы. Шымкенттің гүл сататын орамы

Содан кейінгі өтімді гүл – лалагүлдер, яғни лилия гүлдері. Бұл гүлді көбіне-көп әкелері қыздарына, анасына, әжесіне, болмаса жақын туысына алады екен.

Хризантема, астрамерия гүлдерімен қосып, гүл букетін жасайды. Мұндай букеттер 3500 теңгеден басталады. Құрамындағы гүл санының көптігі мен алуантүрлілігіне қарай қымбаттай береді. Ең өтімдісі 4500-5500 теңге шамасындағы букеттері болып тұр.

Көктем шуағы. Шымкенттің гүл сататын орамы

Өзгелердің жаңалығы