Бас жаңалықтар
720 жәбірленушіге 93 млн теңге өтемақы төленген – Әділов
05 Қазан 2021, 12:47 299

720 жәбірленушіге 93 млн теңге өтемақы төленген – Әділов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да жәбірленушілерге өтемақы қоры және адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы өткен брифингте айтты.

2021 жылғы 8 айда 720 жәбірленушіге жалпы сомасы 93 723 000 теңге өтемақы төленді. Азық-түлік себетіне бағалардың айтарлықтай өсуін, жалпы халық өмірінің қымбаттауын ескере отырып, ІІМ жәбірленушілерге өтемақының мөлшерін арттыру туралы ұсынысты Қаржы министрлігіне жолдады, - деді Әділов.
Ол атағандай, заң енгізілгенге дейін жәбірленушіге келтірілген залалдың орны үкім заңды күшіне енген соң соттың шешімі бойынша ғана толтырылатын.
«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңы залалдың орнын толтырудың қолданыстағы жалпы жүйесін өзгертпей, жәбірленушілерге алғашқы біржолғы материалдық көмек көрсету үшін жағдай жасайды. Бұл үшін Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде заңды тұлға болып табылмайтын, қолма-қол ақшаның бақылау шоты болып табылатын арнайы қор құрылды, - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Санжар Әділов жәбірленушілерге берілетін өтемақы қоры және адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы айтып берді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...