Коронавируспен күрес. 72 сағатта тұрғызылған госпиталь

7 Сәуір 2020, 10:57
2483
Бөлісу:
Коронавируспен күрес. 72 сағатта тұрғызылған госпиталь

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы маңында әскери-далалық госпиталь ашылды.

Хабар 24 арнасының мәліметіне қарағанда, оны тұрғызуға бар-жоғы 72 сағат қажет болыпты.

Мекеме 100 төсек-орынға арналған. Онда қабылдау және диагностикалық бөлімшелер, дәріхана, операциялық блок пен жан сақтау бөлімшесі бар. Сондай-ақ рентгендік тексеру, өкпені жасанды желдету құралдарымен жабдықталған. 

Жылыту және ауа баптау жүйелері, тазалық тораптары мен жуыну бөлмелері де қарастырылған. Ал госпиталь жанында 300 орындық екі ғимарат та дайын тұр. Оған қоса 500 орындық шатырлы лагерь ашылған. Олар карантин кезеңінде пайдаланылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміздегі әскери-медициналық мекемелер де төтенше жағдай режиміне дайындалғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы