Австралиялық ұшқыш әуеде 40 минут бойы ес-түссіз болған

11 Мамыр 2019, 13:45
2261
Бөлісу:
Австралиялық ұшқыш әуеде 40 минут бойы ес-түссіз болған

Алматы, BAQ.KZ. Оқиға 9 наурыз күні болған. Тәжірибеден өтіп жатқан ұшқыш Порт-Огаста әуежайынан Аделаинд маңындағы Парафилдқа дейін жалғыз өзі ұшқан. Бұл туралы Лайф агенттігі хабарлады.

Ұшқанға дейін ол түнде нашар ұйықтаған, ал таңғы асқа тек шоколад жепті. 

Әуеге көтерілгенде оның басы ауыра бастаған, сондықтан ол ұшақты автоматты басқару режиміне қойған. Диспетчерлер ұшқышпен байланыс орнатуға тырысқан, алайда ол есін жиған кезде ғана байланысқа шыға алған. Сонымен қатар, ұшақты тек диспетчерлердің көмегімен қондырыпты.

Ұшқыш тәжірибеден өткен Аделаидтың жазғы мектебі мұндай оқиғалардың алдын алуды көздеп отыр. Енді мекеме әкімшілігі ұшар алдында ұшқыштардың соңғы ұйқысы қанша уақытқа созылғанын және таңғы асқа не жегенін мәлімдеуді міндеттемек.

Өзгелердің жаңалығы