31 қазанға арналған ауа райы болжамы

31 Қазан 2019, 08:29
2212
Бөлісу:
31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ресейдің еуропалық аумағында орналасқан циклонмен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Кей жерде қар түрінде жауын-шашын жауады. Кей жерде жел күшейеді, тұман, солтүстік аудандарда көктайғақ, оңтүстікте найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қосатанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Атырау облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, Қарағанды облыстарының түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Маңғыстау облыстарында, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының түнде Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

 

Өзгелердің жаңалығы