3 қазанға арналған ауа райы болжамы

3 Қазан 2019, 08:22
1951
Бөлісу:
3 қазанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, атмосфералық фронтальді бөліктерінің өтуіне байланысты батыста жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Кей жерде республика бойынша тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысында, түнде және таңертең Павлодар, Қарағанды,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерінде түнде топырақта 1-3 градус үсік сақталады.

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік бөлігінде,  Батыс Қазақстан облысының онтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы