Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Үлкен дулыға турнирінде бесінші орын алды

Жарыс барысында Жалғас іріктеу кезеңінде Бразилия мен Украина спортшыларын жеңді.

30 Қазан 2026, 21:50
АВТОР
 Спортты дамыту дирекциясы 30 Қазан 2026, 21:50
30 Қазан 2026, 21:50
196
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Жалғас Қайролла Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өтіп жатқан Үлкен дулыға турнирінде бесінші орын иеленді.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде словениялық Игор Цурканға есе жіберді.

Жарыс барысында Жалғас іріктеу кезеңінде Бразилия мен Украина спортшыларын жеңді. Алайда ширек финалда Петру Пеливаннан жеңіліп қалды. Жұбаныш белдесуінде қырғызстандық Шыңғысхан Сағынәлиевтен басым түсті.

Айта кетейік, Жалғас Қайролла биыл Астанада өткен Үлкен дулыға турнирінің жеңімпазы атанған еді.

Наверх