Бас жаңалықтар
24 тамызға арналған ауа райы болжамы
24 Тамыз 2019, 09:01 348

24 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері сенбі күні елімізде қандай ауа райы болатынын болжады.

Республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болады, Қазақстанның тек солтүстік және оңтүстік-шығыс аумақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерінде найзағаймен жаңбыр жауады. Кей жерде желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік және орталықтың кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл және Батыс Қазақстан, күндіз Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды, түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан обылстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Атырау облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық