Бас жаңалықтар
19 миллионыншы тұрғын дүниеге келді – Тоқаев
03 Тамыз 2021, 21:15 1742

19 миллионыншы тұрғын дүниеге келді – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді.

Жәния – отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын! – деп жазды Мемлекет басшысы.


Фото: дереккөз
Загрузка...