Бас жаңалықтар
Арыс қаласында 155 үй бұзылып, қайта тұрғызылуда
23 Шілде 2019, 11:55 167

Арыс қаласында 155 үй бұзылып, қайта тұрғызылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 шілдеге дейін құрылысшылар 1963 ЖТҚ және КПТҮ объектілерін тапсырды. Бүгін кешке дейін Арыс қаласында қалпына келтірілген үйлердің саны 2 мыңға жетеді, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Ай басынан бері  Арыс қаласында күннің аптап ыстығына қарамастан 7367 құрылысшы тынбай еңбек етуде. Олардың қатары күн сайын бірнеше ондаған адамдармен толығуда. Сонымен бірге, өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалар 5 мыңға жуық жеке тұрғын үй мен көпқабатты үйлерді қалпына келтіруде. 

"Құрылыс бригадалары 115 үйді бұзып, қайта тұрғызып жатыр. Дегенмен, Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметтері бойынша, мамандар әлі күнге дейін 51 үйге қол жеткізе алмай отырғандықтан, тексеру жүргізу, жөндеу жұмыстарын бастау мүмкін болмай тұр", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, Арыс қаласындағы әскери полигонда болған жарылыстан барлық тұрғын үй қорының 85%-і зардап шеккен болатын. Нысандарды қалпына келтіруге бақылау және мониторинг күн сайын жүргізілуде.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық