Бас жаңалықтар
Ақтауда 13 жаңа шағын аудан бой көтереді
15 Тамыз 2019, 19:02 179

Ақтауда 13 жаңа шағын аудан бой көтереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трумовқа облыс орталығын дамытудың бас жоспарын таныстырды. 

Жоспар бойынша Ақтаудың солтүстік-батыс бөлігі дамиды. 

«Мұнда тұрғын үй кешендерін, мектептерді, балабақшаларды, әлеуметтік нысандарды, саябақтар мен мәдени орталықтарды қамтитын «Ақтаудың жаңа жалпы қалалық орталығы» жобасы жүзеге асырылады. Бұл жоба 2017 жылы егжей-тегжейлі әзірленді. Жоба бойынша 865 га аумақты қамтитын 13 шағын аудан бой көтереді. Әрқайсысының орташа аумағы – 22-25 га», - деп хабарлады Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Әкім бірінші кезеңде салынатын жаңа жеті шағын ауданға инфрақұрылым тарту мәселесі туралы айтты. 

«Жаңа газ құбыры магистралін өткізу, қазандық орнату, «хаб1», «хаб2» электр станцияларының құрылысы мәселелері қаралды. Алдағы уақытта инженерлік инфрақұрылымның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленеді», - делінген хабарламада.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық