10 қаңтар. Елдегі эпидемиологиялық ахуал

10 Қаңтар 2022, 08:12
1472
Бөлісу:
10 қаңтар. Елдегі эпидемиологиялық ахуал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі 10 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды жариялады.

Індет жұқтырғандар саны 2000-нан асты

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 087 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 997 438 жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 1 442, Алматы қаласында - 93, Шымкент қаласында – 123, Ақмола облысында – 31, Ақтөбе облысында - 19, Алматы облысында - 28, Атырау облысында - 42, Шығыс Қазақстан облысында - 16, Жамбыл облысында - 35, Батыс Қазақстан облысында - 55, Қарағанды облысында - 49, Қостанай облысында -19, Қызылорда облысында -35, Маңғыстау облысында - 25, Павлодар облысында - 35, Солтүстік Қазақстан облысында - 9, Түркістан облысында - 31.

514 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты 

Нұр-Сұлтан қаласында - 100, Алматы қаласында - 0, Шымкент қаласында - 37, Ақмола облысында - 46, Ақтөбе облысында - 25, Алматы облысында - 2, Атырау облысында - 7, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Жамбыл облысында –0, Батыс Қазақстан облысында - 95, Қарағанды облысында - 64, Қостанай облысында - 10, Қызылорда облысында - 12, Маңғыстау облысында - 0, Павлодар облысында - 37, Солтүстік Қазақстан облысында - 75, Түркістан облысында - 1. Елімізде барлығы 964 166 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Вакцинация

2022 жылғы 09 қаңтардағы Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 014 952 адам, 2 - ші компонентін 8 551 099 адам салдырды.

КВИ-, КВИ+

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 10 қаңтардағы ақпарат 10 қаңтардағы мәлімет бойынша 22 064 адам коронавирус инфекциясынан (20 217 КВИ+ және 1 847 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 3 001 пациент стационарда, 19 063 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

186 адамның жағдайы ауыр, 

57 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Матрица

10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы. 

«Сары» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау облысы. 

«Жасыл» аймақта: Ақмола,Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары.

Өзгелердің жаңалығы