Бас жаңалықтар
Тоқаев республика бойынша Павлодарда алғаш ашылған мекемеге барды
27 Сәуiр 2019, 18:15 514

Тоқаев республика бойынша Павлодарда алғаш ашылған мекемеге барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті «бір терезе» қағидаты бойынша жастарға қызмет көрсететін республикадағы алғашқы мекемеге – Павлодар қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығына барды.

Бұл орталық аймақ жастарына жұмысқа орналасу, мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламаларына қатысу, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық көмек көрсетеді. Жастарды құқықтық, психологиялық тұрғыдан қолдау және кәсіби бағдар беру – орталық жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Мұнда айына 2 мыңнан астам адамға қызмет көрсетіледі.  

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға айтқан сөзінде Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасының өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөлгенін атап өтті. Мемлекет басшысы жастардың барлық бастамаларына қолдау көрсете беретінін жеткізді. 

Бұған дейін Ертіс өңіріне жұмыс сапарымен келген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыс орталығындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті бірқатар өнеркәсіп нысандарында болды. Солардың бірі - Павлодар мұнай-химия зауыты



Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық