Тоқаев Павлодар мұнай-химия зауытында болды

27 Сәуір 2019, 15:46
2645
Бөлісу:
Тоқаев Павлодар мұнай-химия зауытында болды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында бірқатар өнеркәсіп нысандарында болды. Солардың бірі - Павлодар мұнай-химия зауыты.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-нің бас директоры Оспанбек Әлсейітов кәсіпорынды жаңғырту жұмыстары мен негізгі өндірістік көрсеткшітермен таныстырды.

«Зауытты жаңғырту жобасының нәтижесінде 2017 жылдың қыркүйегінде екі технологиялық кешенді іске қостық. Нақтырақ айтқанда, күкірт өндіру құрылғысы мен изомеризация кешені. Сонымен қатар, қолданыстағы өндірістік нысандардың қуаттылығын арттырдық. Жоба нәтижесінде каталектикалық крекингтің жылдық қуаттылығы 1350 мың тоннадан 1868 мың тоннаға артты», - дейді Оспанбек Әлсейітов.

Сапар барысында Президент кәсіпорынның жас мамандарымен кездесті. Жас жұмысшылар өз кезегінде елімізде жүзеге асырып жатқан әлеуметтік бастамаларға қолдау білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев павлодарлық зауыттың ел эконмоикасындағы маңызды орнын айтып, ұжымға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, павлодарлық зауыт автомобиль бензині, ТС-1 маркалы реактивті двигательдерге арналған жанар-жағармай, дизель отынын, қазандық майын (мазут), құрылыс битумын шығарады. Жылдық өндірістік қуаттылығы - 5,1 млн тонна. Өнім ішкі нарықпен қатар, Ресей, Өзбекстан, Қытай, АҚШ, Италия, Украина елдеріне тасымалданады.

Мамандардың айтуынша, бүгінді мұнай өндірісінде әлемдік нарықтағы озық технологиялар қолданылады. Технологиялық үрдістер Ұлыбритания, Дания және Жапонияда қолданылады.

 


Өзгелердің жаңалығы