"Ұлы даланың ұлы түркілері" атты кітап жарық көрді

14 Ақпан 2020, 10:24
3324
Бөлісу:
"Ұлы даланың ұлы түркілері" атты кітап жарық көрді
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Aлматыдағы Ұлттық кітапханада техника ғылымдарының докторы, академик Серғазы Жиенқұловтың "Великие тюрки Великая степь" атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті.

Автор соңғы он жылдан бері қазақтың көне тарихы, түркілер жайлы өлең жаза бастағанын айтады.
Алғашқы өлеңім Аттила туралы болды. Өйткені Қайнар академиясының ректоры Е. Омаров осы тақырыпта үлкен монография жазған. Онда шетелдік материалдар көп қамтылған, соны оқи отырып, ата-бабамыздың мықтылығынан рух алғанда туған еді, - дейді С. Жиенқұлов.
тап1.jpg

 Академик тарихтағы Ғұн, Сақ кезеңі, Шыңғыс хан түсындағы қазақ рулары жайлы жазылған ғылыми материалдарды өлең етіп беруге тырысқанын айтты. 
Шыңғыс хан, Едіге батыр, Ермак болсын танымал тұлғалардың түбіне үңілсең қазақ руларынан тарайтынын біле түсесің. Бұл кітапты түркі елдеріне апарып таныстыру керек, бұған дейін Түркияға апарып таныстырдым, - дейді ол.
 тап2.jpg

Автор көне түркі халықтарын зерттей келе қазақ руларының қай-қайсысы болмасын кезінде мықты мемлекет деңгейіне дейін көтерілгенін айтты.
Шыңғыс хан империясы көп жерге иелік етті. Оның құрамында қазіргі Ресей де бар, міне оның русьпен қандай қатынасы болғанын зерттеп көрдім. Сөйтіп олардың біраз дүниесі Жошы, Бату ханмен  байланысты екенін білдім. Осы бағытта поэмалық өлеңдер жаза бастадым. Кейін мұндай поэма, эпостарым әжептәуір көбейіп міне, бүгін солар үлкен кітап болып басылып шықты. Сондай-ақ Едіге батырды зерттедім, оны көбі ноғай деп жүрген еді, ол өзіміздің қоңырат болып шықты. Бір кездері "қазақта мемлекет болған жоқ" дегендер шығып еді. Оның бәрі бос сөз. Кезінде қазақтың әр руының өзі мемлекеттік дәрежеде болған, яғни біздің түпкі тегіміз күшті болған, - дейді ол. 
Сондай-ақ автор бұл кітап қазір қазақ, ағылшын және өзге түркі тілдеріне аударылып жатқанын жеткізді.



Өзгелердің жаңалығы