Биыл 6 маусым мен 29 тамыз аралығында қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтау қаласынан Батумиге тікелей рейстерді іске қосады, сондай-ақ Астанадан да Батумиге рейстер ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
FlyArystan баспасөз қызметінің мәліметінше, рейстер аптасына сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу және қону уақыты жолаушылар үшін ыңғайлы етіп жоспарланған.
Ақтаудан ұшатын FS7729 рейсі сағат 09:05-те ұшып, Батумиге 09:55-те қонады. Қайтар рейс FS7730 Батуми қаласынан 10:55-те ұшып, Ақтауға 13:40-та жетеді.
Ұшақтар жергілікті уақыт бойынша ұшады, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Астанадан Батумиге де рейстер ашылады. Бұл бағыттағы ұшулар 2 маусымнан бастап аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Кейін 25 маусымнан бастап аптасына үш рейске дейін көбейеді, оған бейсенбі күнгі қосымша рейс қосылады.
Стандартты тарифке мыналар кіреді:
- ұшақтағы кездейсоқ орын;
- салмағы 7 кг-ға дейінгі бір дана қол жүгi.