Ғалым Жайлыбайдың жаңа кітабы жарық көрді

22 Сәуір 2019, 17:04
3583
Бөлісу:
Ғалым Жайлыбайдың жаңа кітабы жарық көрді
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Ұлттық кітапханада көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш», Абай, Махамбет сыйлықтарының лауреаты Ғалым Жайлыбайдың «Сұлубайдың әні» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтіп жатыр.

Аталған кітап «Ер-Жәнібек» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Оспан батырдың 120-жылдық мерейтойы аясында жарық көрген. 

Ғалым Жайлыбайдың жаңа кітабы жарық көрді

«Ғалым Жайлыбайдың шығармаларымен сонау 80 жылдардан бері таныспыз. Ол қазақ әдебиеті мен поэзиясынан өз орнын алған адам. Ғалым поэзиясында өзіне ғана тән бояуы бар. Ақында лирикалық, махаббат жайлы және ойға жетелейтін өлеңдері мол. Сонымен қатар ол, поэма жанрында да қалам тартты. Жаяу Мұса туралы поэма жазды, сондай-ақ Алжирға байланысты “Қара орамал” атты драмалық шығарма жазды. Ғалымның қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биіктеп, өсті. Бұл қазақ поэзиясына қосылған үлес», - деді Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет. 

Ғалым Жайлыбайдың жаңа кітабы жарық көрді

Кітаптың тұсаукесеріне арналған кешті белгілі ақын Жүрсін Ерман жүргізіп жатыр. Жиын барысында ол ақынның шығармашылығына тоқталып, оның әлі күнге дейін Мемлекеттік сыйлықты ала алмағына өкініш білдірді. 

Ғалым Жайлыбайдың жаңа кітабы жарық көрді

«Сұлубай Сапұлы қытайдағы Оспан батыр бастаған ұлтазаттық көтеріліске қатысушы батырлардың бірі. Ол кісі тек батыр емес, ақын, композитор болған адам. Елге көп тараған “Сұлубайдың әні” деген ән бар. Қазір де біздің қандастрымыз түрлі жағдайды бастан кешіп жатыр. Сол кезде үн шығарып, осы поэманы жазуға тура келді. Поэма сегіз бөлімнен тұрады», - деді Ғалым Жайлыбай. 

Ғалым Жайлыбайдың жаңа кітабы жарық көрді

Жарық көрген поэма қазақ, ағылшын, орыс, түрік тілдерінде жарияланып отыр.

Ғалым Жайлыбайдың жаңа кітабы жарық көрді


Өзгелердің жаңалығы