Шымкентте тағы бір шағынауданда карантин жарияланды

4 Сәуір 2020, 13:15
1416
Бөлісу:
Шымкентте тағы бір шағынауданда карантин жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында 4 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді. Осыған орай, Шымкенттегі 8-шағынауданда (№53 көпқабатты үй) карантин жарияланды. 

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы хабарлады.

Айта кетсек, індетті жұқтырған 24 жастағы азамат 8-шағынауданда тұратын ата-анасына Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Науқас ауруханаға жатқызылып, оқшауланды. Қазіргі таңда жағдайы қалыпты. Қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізілуде. Науқаспен байланыста болған 21 адам анықталып, олар да оқшауланды (оның алтауы жақын туысы), - делінген хабарламада.
Бүгінде қалада жалпы коронавируспен 12 адам тіркелді.
Өзгелердің жаңалығы