Шығысқазақстандық жас кәсіпкер жерлестерін жаңа идеямен қуантты

2 Қазан 2020, 17:15
1717
Бөлісу:
Шығысқазақстандық жас кәсіпкер жерлестерін жаңа идеямен қуантты

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Еңбек» бағдарламасы арқылы мемлекеттен қолдау тауып, еңбегін еселеген жезкенттік кәсіпкер шекаралық ауыл-аймақ жастарына жанға жайлы демалыс ұйымдастырған.  

Мемлекет тарапынан қолдау тауып, іске асқан тың жобалардың бірі Жезкенттегі «Маффин» тайм-дәмханасы. Бұл нысанның ашылғанына екі жылдың жүзі болды. Үстіміздегі жылы оның қожайыны Асхат Олжабаев ойында жүрген бизнес-жоспарын іске асырып, ісін одан әрі дөңгелету үшін мемлекеттік грант алуға өтініш білдірген. Осылайша, ол «Бастау Бизнес» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 555 мың теңгелік грантты иеленіп, бизнесіне бірқатар жаңашылдық енгізді. Бүгінгі таңда оның тайм-кафесі кенттің Мәдениет үйі ғимаратының бірнеше бөлмесін жалға алған.

Ғимаратымыздың терезелері аз, сол себепті оның ішін желдетіп отыру қиынырақ. Осыған орай карантиндік шектеулер кезінде дәмхананың жұмысы біраз уақытқа тоқтап тұрды. Мұндай келушілер қарасы аз емес. Басым бөлігі - жастар. Түрлі шараларды атап өтеді. Кентте жастар көп, бірақ оларға осы сияқты көңіл көтеру ұсынатын жерлер жоқтың қасы, – дейді Жезкент Мәдениет үйінің директоры Рита Хабулинова. 

«Маффин» дәмханасында ішкі дизайнға ерекше көңіл бөлінген. Жиһаз бен әрлеу жұмыстарының барлығы қолмен жасалып, жанға жайлы қалыпқа келтірілген. Болмысынан дизайнер дәмхана иесі Асхат Олжабаев кәсіпкерлік нысанының барлық бұйымына идеяларын барынша салған. Сонымен қатар, тайм-кафеде компьютерлік ойындарға арналған тіркемелер, шағын кинотеатр, караоке бөлмелері де бар. Идеяларын іске асыру мақсатында Асхат Өскемен қаласына барып, осы саланың қыр-сырын меңгерген басқа да кәсіпкерлерден үйреніп келген екен.

Үстіміздегі жылы бөлінген гранттың арқасында VR-шлем, попкорн қуыратын аппараттар сатып алды. Мұндай ойын ойнауға арналған шлемнің бар екенін келіп-кететін клиенттердің өздері айтқан екен. Ойын тіркемелері бүгінгі таңда ешкімді таңғалдырмайтыны белгілі, ал виртуалдық әлем соңғы жаңашылдық. Ең басты нәрсе ұйымдастырылған шаралардың барлығының балаларға ұнайтыны, – деді Рита Хабулинова.
Өзгелердің жаңалығы