Несие жүктемесін қалай азайту керек? 10 мыңнан астам әскери қызметші қаржылық сауаттылығын арттыруда

Әскери ортадағы заңдылықты қамтамасыз ету құқық бұзушылықтарға ден қоюмен қатар, олардың алдын алуды да қамтиды.

10 Тамыз 2026, 13:50
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 10 Тамыз 2026, 13:50
10 Тамыз 2026, 13:50
219
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Әскери тәртіптің жай-күйіне, қызметтік міндеттердің тиісінше орындалуына және әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалудеңгейіне теріс әсер етуі мүмкін факторлардың бірі – шамадан тыс кредиттік жүктеме.

Осыған байланысты әскери прокуратура органдары Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және «Қарызсыз қоғам» қоғамдық қорымен бірлесіп, әскери қызметшілердің қаржылық сауаттылығын арттыруға және оларға практикалық құқықтық көмек көрсетуге бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асыруда.

Қаржылық сауаттылық бойынша оқытумен 10 мыңнан астам әскери қызметші қамтылды. Оның ішінде 4,6 мың әскери қызметшінің кредиттік міндеттемелері ақшалай үлесінің 50 пайызынан асады.

Практикалық құқықтық көмек 3 мың әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелеріне көрсетілді.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 500-ден астам әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелеріне кредиттерді қайта құрылымдауға, 700-ден астамына тыйым салуларды алып тастауға, ал 1,5 мыңына кредиттік тарихын түзетуге және төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге жәрдем көрсетілді. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деп хабарлады Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев әскери реформаларды жеделдетуді тапсырды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Әскерилердің зейнетақы алу шарттары өзгерді

Елімізде әскери оқу орындарының түлектеріне әскери атақ беру тәртібі өзгерді

Әскери қызметшілерге жаңа жеңілдіктер ұсынылды

Наверх