Елімізде әскери оқу орындарының түлектеріне әскери атақ беру тәртібі өзгерді

Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңға өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, курсанттарға әскери атақ беру тәртібі өзгереді.

 Қорғаныс министрлігі Бүгiн 2026, 07:45
Бүгiн 2026, 07:45
153
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерге әскери атақ беру тәртібі өзгерді. 

Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңға өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, курсанттарға әскери атақ беру тәртібі өзгереді.

Қазақстанның және шет мемлекеттердің әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанын үздік бітірген түлектерге бұдан былай "аға лейтенант" әскери атағы беріледі. Сонымен қатар, оларға қызмет орнын өз қалауы бойынша таңдау құқығы берілмек, - деп жазылған Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.

Осы заңнамалық түзету әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтып, курсанттардың оқуда және қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ынтасын арттыруы керек.

Наверх