Непалдың Расува ауданында болған жойқын су тасқынынан кейін қазақстандық азаматша хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі BAQ.KZ редакциясының сауалына берген жауабында мәлімдеді.
Фото: видеодан алынған кадр
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Қазақстан азаматы туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекара арқылы өткен. Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз.
Азаматшамыздың қайда екені әзірге белгісіз. Хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіру жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлады СІМ.
Қазақстандық дипломаттар Непалдағы жергілікті мемлекеттік органдармен байланыста болып, іздестіру жұмыстарына қатысты ақпаратты нақтылауды жалғастырып жатыр.
Оқиға Непалдың Қытаймен шекаралас биік таулы Расува ауданында болған. Жойқын су тасқыны салдарынан 160-тан астам адам қаза тапқаны хабарланды. Жүздеген адам әлі де хабар-ошарсыз кеткен. Олардың арасында шетелдік туристер де бар.
Фото: видеодан алынған кадр
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматшаның қазіргі орналасқан жерін анықтау және оны іздестіру бойынша жергілікті органдармен жұмысты жалғастыруда.
Еске салсақ, Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық өңірі шекарасында кенеттен болған жойқын тасқын салдарынан кемінде тоғыз адам қаза тауып, жүздеген турист із-түзсіз жоғалып кетті.Әлеуметтік желілер мен жергілікті БАҚ-та тараған бейнежазбаларда адамдардың қатты ағысқа ілесіп кеткені көрінеді.
Бұған дейн ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл жағдай министрліктің бақылауында екенін айтып, Непалдағы су тасқынынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеген болатын.