Немістің авиакомпаниясы Қазақстанға қайта ұша бастады

2 Мамыр 2021, 14:51
1578
Бөлісу:
Немістің авиакомпаниясы Қазақстанға қайта ұша бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Немістің Lufthansa авиакомпаниясы Франкфурттан Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшатын тұрақты рейстерді қайта бастады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус пандемиясына байланысты авиакомпанияның Қазақстанға рейстері 2020 жылы 11 наурызда тоқтатылған.

Естеріңізге сала кетейік, LH646 рейстері дүйсенбі мен сенбі күндері Франкфурт - Нұр-Сұлтан - Алматы бағыты бойынша ұшады. Ал кері бағытта LH647 рейсі Алматы - Франкфурт бағытына сейсенбі мен жексенбі күндері Нұр-Сұлтанға қонбай-ақ бағыт алады.

Бейсенбіде Франкфурттан Алматыға LH648 тікелей рейсі бар. Кері бағытта LH649 рейсі жұма күні Нұр-Сұлтанға тоқтап, ұшады.

Әуекомпания өз жолаушыларына екі түрлі қызмет түрлерін ұсынады: бизнес және экономды. Барлық рейстер Airbus-330-300 ұшақтарында орындалады.

Авиакомпания барлық рейстер жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті және жеткілікті денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес орындалатынына кепілдік береді.



Өзгелердің жаңалығы