Үндістанда 74 жастағы әйел егіз босанды

6 Қыркүйек 2019, 10:01
4569
Бөлісу:
Үндістанда 74 жастағы әйел егіз босанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Андхра-Прадеш штатында 74 жастағы әйел ЭКО арқылы бала көтеріп, екі қыз босанды. Бұл туралы  РИА Новости жазады.

Аурухана директорының айтуынша, Эрраматти Мангаямма кесар тілігі арқылы босанған.

«Ота сәтті өтті. Анасы мен балаларының денсаулығы жақсы, өміріне ешқандай қауіп жоқ. Бірақ анасын соңғы бірнеше сағатта алған стрестен құтылу  үшін интенсивті терапия бөліміне жатқыздық», - деді дәрігер Hindustan Times-қа берген сұхбатында.

Мангаямма қыздарын емізе алмайды, олар банка арқылы донор сүтін ішіп жатыр. Директордың айтуынша, әйелде диабет және гипертензия секілді ауыр диагноздар болмағандықтар, әйел балаларды аман-есен босанған.

Мангаямма мен оның 80 жастағы күйеуі Рая Рао 1962 жылдың 22 наурызында үйленген. Соңғы 57 жыл ішінде олар балалы болуға тырысқан. Тек осы жылдың қаңтар айында 74 жастағы әйел ЭКО арқылы жүкті болады.

Бұған дейін үндістандық Омкари Панвар ЭКО арқылы сәби сүйген ең егде жастағы әйел болып саналатын. Ол 2008 жылы 70 жасында егіздерді босанған.

 

Өзгелердің жаңалығы