Назарбаев тағы бір жаңа бағдарлама қажет екенін айтты

24 Сәуір 2020, 17:44
2030
Бөлісу:
Назарбаев тағы бір жаңа бағдарлама қажет екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі даму бағдарламасын іске қосу қажет. Бұл туралы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Біріншіден, барлық ел өздерінің экономикалық-стратегиялық жоспарын қайта қарайды. Өндіріс пен қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты басымдық өз ресурстарына беріледі. Екіншіден, өндірістің жаңа салалары қалыптасады. Тиімсіз секторлар нарықтан жоғалады. Жаңа көшбасшылары пайда болып, экономиканы басқарады. Үшіншіден, барлық ауқымды дағдарыстар технологиялық және экономикалық тәртіптің циклдік өзгеруімен байланысты қазіргі ескі модель өзгереді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 Елбасы Қазақстанның жаһандық сын-қатерлерді еңсеру үшін барлық қажетті ресурсқа ие екенін атап өтті.

Өткен жылдары біз шикізатқа тәуелділікті азайту үшін көп жұмыс атқардық. Сондықтан экономиканы дамытудың барлық бағдарламасын іске қостық. Олар - индустрияландыру, шағын және орта бизнес, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік бағдарламалар. Осы жобалар үшін көп ресурс бөлінді. Ұлттық қорға біраз қаражат жинадық. Бұл қаржы дағдарыс кезінде елді құтқаруға жұмсалып жатыр. Мұндай тәжірибе бірінші рет емес. Дегенмен, оның да шегі бар. Бір күні таусылады. Сондықтан үнемді және төтенше жағдайларда ғана пайдалануымыз керек, - дейді экс-президент.

 Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы осы ретте әлеуметтік-экономикалық дамудың инновациялық тәсілдерін қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

 Біріншіден, дағдарысқа қарсы шаралар кешені іске асырылуы керек. Барлық қолдау бизнеске және халыққа тез жетуі үшін әрбір теңгені бақылау қажет. Қазір экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі даму бағдарламасын іске қосу қажет. Экономикамыздың базалық салаларын анықтап, болашағымызды ойлау керек. Қалалар мен ауылдарды дамыту, әлеуметтік сала мен қаржы жүйесін ұмытпау керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өзгелердің жаңалығы