Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады.
Бұл туралы elbasy.kz сайтында хабарланды.
Кездесу барысында ҚР Тұңғыш Президентінің қатысуымен өтетін осы жылдың сыртқы саяси кездесулері талқыланды.
Алдағы уақытта өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (Түркі кеңесі) және Нұрсұлтан Назарбаев құрметті төраға қызметін атқаратын Орталық Азия елдері басшыларының консультативті жұмыс кездесулеріне ерекше назар аударылды, - делінген хабарламада.
Елбасына Қазақстанның одақтас және стратегиялық серіктес мемлекеттеріндегі ахуал мен еліміздің ЕЭК-дегі төрағалығы аясында жүргізілетін жұмыстардың басым бағыты туралы ақпарат берілді.