Назарбаев отставкаға кететінін бірінші кімге айтты

22 Қазан 2021, 10:23
14532
Бөлісу:
Назарбаев отставкаға кететінін бірінші кімге айтты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев оның отставкаға кету шешіміне не  әсер еткенін айтты. Бұл туралы ол «Штрихи к портрету. Откровение» атты деректі фильмде айтты.

Журналист Елбасыдан оның отставкаға кетуіне не себеп болғанын сұрады.

Бұл туралы қанша айтуға болады (күліп). Мұндай заттарды таратуға болмайды. Мен ешкімге айтпадым. Тек сол күні таңертең, Путинге қоңырау шалдым да бүгін кешке отставкаға кететінім туралы жария болатынын айттым, ол үшін күтпеген жағдай болды. Бұл туралы оған өзім айтқанды жөн көргенімді жеткіздім. Өзге мемлекет басшыларының ешқайсысы білмеді. Оның үстіне, бұл шешімді 2015 жылы қабылдап қойған едім. Жасым 75-ке келді. Осы жерде тәмамдау керек деп шештім. Қазақстан халқы Ассамблеясы менің өкілеттілігімді сайлаусыз ұзарту үшін бүкіл Қазақстан бойынша қол жинады, - деді Назарбаев.
Оның айтуынша, содан кейін оның қарсылығына қарамастан бүкіл ел бойынша 5 миллион қол жиналған, бұл сайлаушылардың 65%-ы.


Кейін мерзімінен бұрын сайлау жариялаймыз, адамдар өз пікірін білдірсін дедім. 1991 жылғы алғашқы жалпыхалықтық сайлауда - 98,8%. Соңғысы 2015 жылы 97,8%. Сенім 80%-дан төмендемеді. Егер біреу бұл жалған көрсеткіш десе, олар ойлансын, бұл 60% емес, 51% емес, 80% немесе 90%-ды қалай қолдан жасауға болады?! 2015 жылы адамдар дауыс беру үшін кезекке тұрды. Міне, осындай сенім шыңында кету керек деп шешім қабылдадым. Мен КСРО басшыларын көрдім. Брежневті, Андроповты және Черненконы жерлеу рәсіміне қатыстым, бұл бірінші мәселе. Ал екінші мәселе -  адам мүмкіндіктерінің шегі бар, - деп түсіндірді Елбасы.

Деректі фильм кезінде Назарбаев 2011 жылы наурыз айында болған оқиғаны еске түсірді. Ол концертте отырған, концерт аяқталғаннан кейін орнынан тұрып, аяғын баса алмай қалған. Күзетшіні шақырып алып, оның қолынан ұстап алып, көпшілікке білдірмей шығып кеткен. 

Нұрсұлтан Назарбаевқа 2011 жылы омыртқасына ота жасалған. Елбасы отставкаға кету туралы шешім қабылдауға осы ота да әсер еткенін мәлімдеді.

2019 жылы наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеген болатын.


Өзгелердің жаңалығы