Назарбаев академик Нәдір Нәдіровтің отбасына көңіл айтты

24 Тамыз 2021, 19:05
3197
Бөлісу:
Назарбаев академик Нәдір Нәдіровтің отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев академик Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы көрнекті ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Нәдір Кәрімұлы Нәдіровтің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

Нәдір Кәрімұлы саналы ғұмырын мұнай ғылымы мен инженерлік саланы дамытуға арнап, кәсіби биік белестерді бағындырды және ғылыми қоғамдастық тарапынан кеңінен мойындалды. Ол шебер ұйымдастырушы әрі беделді ұстаз ретінде ғалымдар мен педагог мамандардың тұтас буынын тәрбиеледі. «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының құрметті президенті кезінде еліміздегі қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайтуға зор үлес қосты, – делінген жеделхатта.

Өзгелердің жаңалығы