Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстандық қор биржасының (KASE) төрағасы Алина Алдамберген 2020 жылдың қорытындысы бойынша өткен брифингте айтты.
Біздің листингте қытайлық инвесторлар жоқ. Оның ішінде АҚШ-тың санкциясына түскендер де жоқ. Сондықтан қазақстандық қор биржасы арқылы жұмыс істеген біздің инвесторларға ешқандай әсер болмайды. Олар халықаралық нарық бойынша инвестиция тартса, әрине, сауда шектеулері мен санкциялар әсер етуі мүмкін. Бірақ оның әсері туралы біз айта алмаймыз, - деді ол.
Ресейде Навальныйдың жағдайына қатысты рубль төмендеп жатыр. Алдамбергенова бұл оқиғаның теңгеге әсер етуі туралы айтып берді.
Ол рубль нарығы теңгеге қаншалықты әсер етеді, соған байланысты болуы керек. KASE стратегиясы реттелмейді. Ол ағымдағы мақсат пен міндеттерге қатысты болады. Алайда біздің стратегиялық серіктестерімізге қарап, олардың биржадағы әрекеттеріне сүйенуіміз мүмкін, - деді ол.
Айта кетейік, interfax.ru хабарлағандай, дүйсенбіде Мәскеу биржасында доллар мен еуро сенімді түрде өсті. Ресейге оралған оппозициялық саясаткер Алексей Навальный ұсталғаннан кейін саяси тәуекелдердің артуына байланысты рубль бивалюта қоржынына түсіп кеткен еді.