Наурыз күні кешірімді болып, мейірімділік таныту өте маңызды – Асхат Аймағамбетов

21 Наурыз 2022, 12:07
1810
Бөлісу:
Наурыз күні кешірімді болып, мейірімділік таныту өте маңызды – Асхат Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. 

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – тарихы мен мағынасы терең, ерекше мереке.  Наурыз – ол жыл басы, күн мен түннің теңелетін, тіршілік әлемнің қайта түлейтін, ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын көктем мерекесі. Бұл мейрам – достық пен бірліктің, жаңарудың, ынтымақ пен мейірімділіктің нышаны, - деді еліміздің бас ұстазы

Сондай-ақ ведомство басшысы Ұлыстың ұлы күні барынша кешірімді болып, мейірімділік таныту маңызды деп санайды. 

Сол себепті бұл күні жақсы тілек айтып, кешірімді болу және мейірімділік таныту өте маңызды, - деп атап өтті министр Аймағамбетов. 

Өзгелердің жаңалығы