Науқастың денсаулығына зиян келтірген дәрігерлердің жазасы жеңілдеуі мүмкін

21 Желтоқсан 2022, 10:41
1172
Бөлісу:
Науқастың денсаулығына зиян келтірген дәрігерлердің жазасы жеңілдеуі мүмкін

Науқастың денсаулығына зиян келтірген дәрігерлердің жазасы жеңілдеуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды.

Денсаулық сақтау министрлігі заң жобасы шеңберінде медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру және Қылмыстық кодексінің 317-бабының санкциялық шараларын төмендету бойынша нормаларды ұсынды.

2018–2020 жылдары жеке және заңды тұлғалардан 14 123 өтініш келіп түсті, оның ішінде Қылмыстық кодекстің 317-бабы бойынша медицина қызметкерлеріне қатысты кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жыл сайын 300-ге жуық іс, жиі жағдайда өліммен аяқталу қаупі бар хирургиялық бейіндегі мамандарға, дәлірек айтқанда, 14 акушер-гинеколог, 14 хирург, 8 травматолог, 6 анестезиологке қатысты іс қозғалады, - деп айтты Ажар Ғиният Мәжілістің жалпы отырысында.

Министр медқызметкерлердің жауапкершілігін жеңілдетуді ұсынды.

Заң жобасында айыппұл мөлшерін және денсаулығына орташа және ауыр абайсызда зиян келтіргені үшін қамауға алу мерзімін төмендету, пациенттің денсаулығына ауыр зиян келтіргенде немесе қайтыс болғанда «бас бостандығынан айыруды» жазаның мерзімдерін қайта қарай отырып «бас бостандығын шектеуге» ауыстыру ұсынылады, - деп айтты Ғиният заң жобасын таныстырғанда.

Бұдан бұрын Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қоғамдастықтың пікірін ескере отырып, жазаны ізгілендіруге бірнеше рет әрекет жасаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы