Нан қалдықтарынан жасалатын мал азығы өндірісі жолға қойылды

18 Мамыр 2022, 09:40
3641
Бөлісу:
Нан қалдықтарынан жасалатын мал азығы өндірісі жолға қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада маңызды әлеуметтік жоба іске асырылуда. Мәселе нан қалдықтарын қайта өңдеу және олардан мал азығын дайындау туралы болып отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Аз шығын – көп пайда». Осындай қағидат бойынша елордада тамақ қалдықтарын ұтымды пайдалануға және халықтың қоқысты бөлек сақтау бөлігінде экологиялық мәдениет қалыптастыруға бағытталған жоба жүзеге асып жатыр.

Нан қалдықтарынан жасалатын мал азығы өндірісі жолға қойылды

Әлеуметтік жобаларды дамыту аясында Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы елорда аулаларында нан қалдықтарын кәдеге жарату үшін арнайы жасыл түсті бөшкелер орнатты. Жергілікті инвесторларды тарту есебінен қала әкімшілігі елорда аудандарында бөшкелерді орналастыру үшін тиісті орындар белгіледі, онда тұрғындар нан қалдықтарын тастай алады. Жоба кәсіпкерлер мен әкімдіктер арасындағы меморандум негізінде жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда елордада 400-ге жуық бөшке орнатылған. Жақын арада қаланың барлық контейнерлік алаңдарын қамту жоспарланып отыр. Олардың бүгінде 5 мыңнан астамы бар. Менің ойымша, бұл – өте перспективалы және қажет жоба. Бұл ретте оны іске асыруға бюджет қаражатының бір тиыны да жұмсалған жоқ, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының қатты тұрмыстық қалдықтарды реттеу және су бетін тазарту бөлімінің басшысы Айдар Рашид.

Ерекше айта кетерлігі, жоба тек нан қалдықтарын өңдеуге ғана бағытталған. Арнайы орнатылған бөшкелерге өзге де қалдықтарды тастайтын тұрғындар бар, ал бұл осы салада жүрген кәсіпкерлердің жұмысын қиындатады. Елорда тұрғындарын өзгенің еңбегіне құрметпен қарауға шақырамыз.

Жасыл бөшкелерден алынған нан қоймад буып-түйіліп, артық қоқыстардан тазартылады. Келесі қадам – нан қалдықтары түріндегі шикізат гранулятор деп аталатын жерге орналастырылады, сол жерден үй жануарларына арналған жем түйіршіктері шығады. Олар қажетті дәрумендермен толықтырылған. Бір килограмының бағасы 130 теңгеден асады.

Инвесторлар осыған ұқсас әдіспен тауықтар мен балықтарға арналған жем жасауды жоспарлап отыр. Бұл үшін тек жануарлардың рационында болуы керек қосымша витаминдік элементтерді таңдау керек. Нан қалдықтарын топыраққа арналған тыңайтқыштар өндірісінде пайдалану да жоспарда бар.

Қазір өндірісте күніне екі тоннаға дейін нан өңделеді.

Өзгелердің жаңалығы