Елбасы «Самұрық-Қазына» басшысын қабылдады

9 Тамыз 2019, 16:10
1578
Бөлісу:
Елбасы «Самұрық-Қазына» басшысын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Бұл туралы Елбасының ресми сайтында хабарланды. 

Кездесу кезінде Елбасыға "Самұрық-Қазына" АҚ-тың өндірістегі басты жетістіктері мен мен қаржылық көрсеткіштері бойынша мәлімет ұсынылды.

Өз кезегінде Елбасы қордың Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуына ат салысу қажеттігін баса айтты.

Бұл арада Қазақстан Тұңғыш Президенті "Қамқорлық" бастамасы бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мәселесіне баса назар аудартты.

Бұдан бөлек Елбасы қолданыстағы инфрақұрымдар базасы аясында өңірлерде көпсалалы оңалту орталықтарын құру, сонымен бірге жалпыға білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді қолдауда қосымша кабинеттер ашу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, "Самұрық-Қазына" қорына Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің шалғай ауылындағы әлеуметтік жағдайы нашар отбасыдан шыққан талантты балаларға қолдау көрсетіп, олардың дамуына жол ашатын білім беру жобаларын жүзеге асыруды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы