Назарбаев Эфиопия президентіне көңіл айтты

11 Наурыз 2019, 13:46
1822
Бөлісу:
Назарбаев Эфиопия президентіне көңіл айтты

Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының президенті Сахле-Ворк Зеудеге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы ұшақ апаты салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Осы қаралы сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Эфиопия халқына көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.

Өзгелердің жаңалығы