Нұрлан Қабдайұлының кітабы жарық көрді

10 Маусым 2020, 11:45
1855
Бөлісу:
Нұрлан Қабдайұлының кітабы жарық көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленіп, стилі мен тәсілдері тосын әңгімелері арқылы талғампаз оқырмандардың оң бағасын алып жүрген жас жазушы, "Қазақпарат" ХАА, "Әдебиет порталы" интернет жобасының жетекшісі Нұрлан Қабдайдың "Сұр әңгіме" атты тырнақалды жинағы жарық көрді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Өрнек" баспасында басылып шыққан бұл кітапқа жазушының әр кезде жазылған әңгімелері мен шетел әдебиетінен аудармалары қамтылған. Әңгіме жазу – қысқа-нұсқалықты, аз арқылы көпті қамтуды, композициялық жинақылықты, әсіресе, тіл шеберлігін қажет етеді. Өмірдің өзінен ойып алынған түрлі оқиғалар мен жағдаяттарға құрылған әрбір әңгіме оқырманды бей-жай қалдырмайтыны анық. "Аз жазсаң да, саз жаз" дейтін принципті ұстанатын жазушының бұл жинағына 19 авторлық, 5 аударма әңгіме қамтылған.

"Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі Нұрлан Қабдайұлын тырнақалды туындысы жарық көруімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейді.

Өзгелердің жаңалығы