"Нүркен Әбдіров. Ұлдарымның кенжесі" деректі фильмінің тұсаукесері өтеді

8 Мамыр 2020, 11:58
2641
Бөлісу:
"Нүркен Әбдіров. Ұлдарымның кенжесі" деректі фильмінің тұсаукесері өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы Жеңістің 75-жылдық мерейтойының қарсаңында "Қазақфильм" киностудиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен  "Ел Арна" телеарнасы мен sputniknews.kz ақпараттық сайтында және "Қазақфильмнің" YouTube-тегі ресми арнасында режиссер Алексей Каменскийдің "Нүркен Әбдіров. Ұлдарымның кенжесі" деректі фильмінің тұсаукесерін өткізеді.

Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген.

2020 жылы 8 мамыр сағат 15:00-де www.sputniknews.kz сайтында өмірі жас ұрпақ үшін батылдық пен шабыт көзі болған, аты аңызға айналған ұшқыштың ерлігі туралы баяндайтын "Нүркен Әбдіров. Ұлдарымның кенжесі" деректі фильмінің онлайн тұсаукесері болады.

10 мамыр сағат 10:00-де "Қазақфильм" киностудиясының YouTube-арнасында деректі фильмнің онлайн тұсаукесері өтеді.

10 мамыр сағат 19:10-да "Ел Арна" телеарнасында картинаның телевизиялық тұсаукесері өтеді.

Фильм миллиондаған кеңестік адамдар қатысқан эпикалық шайқастар аясындағы адамның тағдыры туралы әңгімелейді. Картинаның түсірілімі Нұр-сұлтан, Алматы және Нүркен Әбдіровтың туған жері Қарағанды облысында өтті. Әсіресе, Қарағандыдағы облыстық мемлекеттік мұрағат қорында сақталған материалдарды зерделеуге баса назар аударылды.

Сонымен қатар, түсірілім Ресейде, Нүркен Әбдіровтің құрметіне тақта орнатылған Волгоградтағы Мамаев Қорғанында және 1942 жылдың желтоқсанында қаза тапқан Қазақстандық ИЛ-2 ұшқышының өшпес рухы сақталған Ростов облысының Боков ауданында өтті.

Соғыс туралы басқа адамдардың естеліктерінің үзінділерінен ғана білетіндер ол уақытты ауыр күрсініспен еске алады... Ұлы Отан соғысы жылдары – біздің халқымыздың жеңісі мен қайғылы кезеңі. Өлім, қайғы, қасірет пен үмітсіз қараңғылық майдан даласын шарлап, аспанды жауып тұрды. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, қараңғыда жұлдыздар ерекше жарқырайды. Қазақ жері осындай көптеген жұлдыздарды, Кеңес Одағының болашақ батырларын дүниеге әкелді, олар: Луганский, Ғабдуллин, Бегелдинов, Әкежанов, Доспанова, Мәметова, Молдағұлова және Әбдіров. Жанқиярлық ерлікпен шайқасқан ержүрек батырларымыздың есімдері мәңгілік жадымызда, - деді режиссер Алексей Каменский.
Айта кету керек, өткен жылы Қарағанды ​​облысында "Қазақфильм күндері" аясында Нүркен Әбдіров туралы деректі фильмнің премьералық көрсетілімі өтті. Картинаны елде бірінші болып көру мүмкіндігіне аты аңызға айналған ұшқыштың жерлестері, сонымен қатар Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды ​​ІІМ ​​академиясының оқытушылары мен курсанттары ие болды.

"Нүркен Әбдіров. Ұлдарымның кенжесі" 

Сценарий авторы: Татьяна Темникова
Қоюшы режиссер: Алексей Каменский
Қоюшы оператор: Дмитрий Шишкин
Композитор: Хусейнджон Изатилоев
Дыбыс операторы: Вадим Сметанин
Монтаж режиссері: Раушан Бешімбаева
Фильмнің директоры: Альфия Тулигенева

Өзгелердің жаңалығы