Нұр-Сұлтанда көпірге мас күйінде шықпақ болғандар ұсталды

13 Қыркүйек 2020, 13:15
1765
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда көпірге мас күйінде шықпақ болғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда полиция мас жігіттерді көпірден алып шықты.

Бақылау камераларын қарау кезінде Нұр-Сұлтан қаласы полиция бөлімінің жедел басқару орталығының инспекторы Қабанбай батыр даңғылы бойындағы автомобиль көпірінің доғасынан екі адамды тапты.
Оқиға орнына келген полицийлер 25 жастағы екі жігітті ұстады. Ұстау кезінде жастар мас күйде болған. Ұсталған жігіттердің айтуынша, батылдық үшін алкогольдік ішімдік ішкен олар биіктіктен қорқуды жеңу үшін көпірге көтерілуге бел буған, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан ДП баспасөз қызметі.
мост1.jpeg

Алкогольдік ішімдік ішкені және мас күйінде қоғамдық орындарға мас күйінде келгені  үшін жастар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 5 АЕК айыппұл салынды.
Өзгелердің жаңалығы