Нұрғожа Қайпанов: Басты мақсатым – әлем чемионатында алтын алу

9 Тамыз 2019, 14:59
2382
Бөлісу:
Нұрғожа Қайпанов: Басты мақсатым – әлем чемионатында алтын алу

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрестен 2019 жылғы Азия чемпионы Нұрғожа Қайпанов жақында өткен Циолковский мемориалын қорытындылап, әлем чемпионатына дайындығы туралы айтты деп жазады Olympic.kz. 

«Польшада өткен халықаралық турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жан-жақтан қарымды балуандар жиналған. Турнирдің ақтық сынында түрік балуанынан ұтылдым. Бұл белдесуде қарсыласты оңай ұтамын деп, өзіме тым сенімді болып кеткен сияқтымын. Бір жағынан, бұл жеңіліс мені қамшылауда. Бүгінде тынымсыз жаттығу үстіндемін. Бір айдан соң өз елімізде әлем чемпионаты басталады. Сол сында барымды салатыным сөзсіз. Басты мақсатым – әлем біріншілігінен алтын медаль алу. Әлемдік дода өз елімізде, өз жанкүйеріміздің көз алдында өтеді. Сондықтан, аянып қалмау қажет», - деді Қайпанов.

Өзгелердің жаңалығы