Тағы да жер сілкінісі болды

13 Сәуір 2025, 08:05
11771
Бөлісу:
Тағы да жер сілкінісі болды
Фото: moldova1.md

Мьянманың орталығында магнитудасы 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер асты дүмпуін Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) тіркеді.

Жер асты дүмпулері жексенбі күні 2.25 UTC (жексенбі күні Мәскеу уақытымен 5.25) кезінде шамамен 1,2 миллион халқы бар Мандалай қаласынан оңтүстікке қарай 84 шақырым жерде тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 35 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ.

Өзгелердің жаңалығы