Музыка әртүрлі эмоция мен сезім тудырады

2 Ақпан 2024, 13:10
1024
Бөлісу:
Музыка әртүрлі эмоция мен сезім тудырады
Фото: https://www.psychologies.ru/

Ғалымдар музыканың денеге әсерін зерттеп, әртүрлі әуендерге қай органдардың көбірек жауап беретінін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Мұндай зерттеу жұмысын Финляндия ғалымдары жүргізген. Оның нәтижесінде музыканың бүкіл әлемде ұқсас эмоциялар мен дене сезімдерін тудыратындығын анықталған.

Зерттеу не дейді?

Музыканы тікелей денеде сезінуге болады. Әдетте біз сүйікті әнімізді естігенде басқаша сезімде болатынымыз рас. Ал бір әуенді бірнеше рет қайталап тыңдау арқылы мида оны жаттау құбылысын жүзеге асырамыз. Ал Финляндағы Турку Үй орталығының зерттеушілері музыка біздің вегетативті жүйке жүйемізді белсендіріп, тіпті омыртқаның қалтырауын тудыруы мүмкін екенін айтады.

Бақыт, қайғы немесе қорқыныш сияқты әртүрлі эмоцияларды тудырған музыка біздің зерттеуімізде әртүрлі  сезімді тудырды. Мысалы көңілді және билеуге болатын әуендер қолдар мен аяқтарда, ал нәзік және қайғылы музыка кеуде аймағында сезілді, - деп түсіндіреді Академияның Ғылыми қызметкері Веса Путкинен.

Музыка әртүрлі эмоция мен сезім тудырады

Сондықтан да шығар қөңілді әнді естігенде еріксіз билеп, қайғылы әуенде мұңая түсетініміз. Қызығы бұл зерттеу әлемнің белгілі бір аймағына емес, барлық жер шарының тұрғындарында бірдей. Әсіресе, Батыстық және Азиялық тыңдаушыларда ұқсас көрінеді.

Музыканың белгілі бір акустикалық ерекшеліктері Батыстық және Азиялық тыңдаушыларда ұқсас эмоциялармен байланысты болды. Музыкадағы диссонанс агрессивтілікпен байланысты болса, айқын ырғағы бар музыка бақытты және билеуге жарамды деп танылды. Бұл сезімдер әртүрлі мәдениеттерде ұқсас болғандықтан, музыкадан туындаған эмоциялар мәдениет пен оқуға тәуелсіз және тұқым қуалайтын биологиялық механизмдерге негізделген болуы мүмкін, - дейді Профессор Лаури Нумменмаа.

Зерттеу жұмысы Қытай мен Финляндия арасында сауалнама арқылы жүргізілген екен.

Ағзаға да пайдасы бар

Музыка тек өнер ғана емес, оның ағзаға пайдасы да мол. Музыкант Дэниел Левитин де өз пікірінде:

Бұл өнер түрін біз қаншалықты жақсы түсінсек, өзіміздің ниетімізді, қорқыныштарымызды, тілектеріміз бен естеліктерімізді, тіпті, мінез-құлқымызды да соншалықты жақсы түсінеміз, - деген.

Егер көңіл-күйіңіз болмай, мазасыздансаныз музыка оны емдейді деген Платон, Ал Аристотель тұрақсыз эмоционалды фоннан арылуға көмектеседі. Ал психологтар музыканың эмоцияны басқаруға көмектесетін айтады.

Әуендер көңіл-күйге әсер етеді. Мысалы, баяу шығармалар еркінсінуге, босаңсуға көмектессе, көңілді әуендер энергиямен қамтамасыз етеді. Музыкаға әуес келетін балалардың миы ерте жетіледі, ойлау қабілеті артады. Сондай-ақ көңілшек, мейірімді келеді. Ал қарт кісілерімізге ерте қартаюдан аулақ болуға жәрдемдеседі, - дейді тәжірибелі психолог Кенже Мұсаева.

Музыка өміріміздің белгілі бір бөлігі деуге болады. Балаға музыкалық тәрбие беру дегеніміз оны

Музыка тез арықтауға көмектеседі

Жаттығу залында адамдар музыка тыңдап жаттыққанды ұнатады. Ғалымдар бұлай жаттығу жасау нәтижеге тез жетуге көмектеседі дейді. Тіпті аз уақытта арықтауға да әсер ететіндігін айтады.

  1. Әуен темпі неғұрлым жоғары болса, жаттығуды да көбірек жасайсыз.
  2. Жаттығу жасау барысында сүйікті әуендеріңдің топтамасын жинақтап алыңыз.
  3. Ауыр жаттығу жасаған уақытта музыка ауырсынуды азайтатынын ұмытпаңыз.
  4. Құлаққап арқылы музыка тыңдап жүгіру ауызды жауып жүгіруге әкеледі. Ал ол оттегінің ағзаға дұрыс бармауына әкеп соғады. Осыны ескеріңіз.
Өзгелердің жаңалығы