COVID-19: Мусин вакцина салдырды

2 Сәуір 2021, 09:57
1602
Бөлісу:
COVID-19: Мусин вакцина салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин вакцина салдырды.

Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Вакцина салдырдым, - деп қысқа қайырды ол. 

Суретке қарағанда министрдің екпеден кейінгі жақсы көрінеді.

Еске салсақ, еліміз бойынша вакцина салдыру науқаны 1 ақпанда басталды. Вакцина ретінде ресейлік коронавирусқа қарсы «Спутник V» қолданылды. Екпені дәрігерлер, мұғалімдер және тәртіп сақшылары алып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы