Мусин интернет үшін инвестиция салатындардың азайғанын айтты

25 Сәуір 2023, 10:18
850
Бөлісу:
Мусин интернет үшін инвестиция салатындардың азайғанын айтты
Фото: betafinance.ru

Елімізде интернет қолданушыларының саны 90,9 пайызға жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, елімізде интернет қолданушыларының саны ғана емес, олардың интернетте өткізетін уақыты да артып келеді.

Аталған факторлар байланыс инфрақұрылымына жүктеменің артуының негізгі себебі болып отыр. Бұдан бұрын айтылғандай, біз базалық станцияларды ұлғайту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар байланыс саласына инвестициялар жыл сайын төмендейтінін атап өткен жөн, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 28 пайызға төмендеді, - деді Бағдат Мусин.  

Ол дамыған елдерде интернет сапасы үшін 10 млрд-қа дейін қаржы құятынын атап өтті.

Халықаралық бенчмарқа сүйенсек, АҚШ, Франция, Германия сияқты мемлекеттерде байланыс саласына ондаған млрд доллар инвестициялар құйылып жатыр. Ал, Қазақстанда тіпті 200 млн долларға жетпейді, - деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай,елімізде елді мекендердің 77 пайызы мобильді интернетке қосылған.

Өзгелердің жаңалығы