Елімізде елді мекендердің 77 пайызы мобильді интернетке қосылған

25 Сәуір 2023, 10:13
1272
Бөлісу:
Елімізде елді мекендердің 77 пайызы мобильді интернетке қосылған
Фото: facebook.com/BagdatMussin

Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде 6 406 елді мекен бар, оның 4 974-і, яғни 77 пайызы мобильді интернетке қосылған. 2 928 елді мекен – 4G-ге қосылған, 2 046 НП – 3G технологиясымен қамтамасыз етілген. 2022 жылдың қорытындысы бойынша қосымша 241 АЕМ интернетке қосылды және 1 059 АЕМ-де сапа жақсартылды. Байланыс сапасын арттыру мақсатында біз жыл сайын «базалық станциялар» санын көбейтудеміз. Бүгінгі күні біз 41 мыңнан астам «базалық станция» орнаттық, - деді Цифрлық даму министрі.

Мусиннің айтуынша, жыл сайын жаңа станциялардың саны 3 мыңға дейін көбейеді.

Барлық елді мекендердің 25 пайызы ADSL технологиясымен, яғни мыс сыммен және 33 пайызы ғана оптикамен қосылған. Сонымен қатар, халық саны 200 мыңнан асатын 1432 ауыл кең жолақты мобильді интернетпен қамтылмаған, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы