Мұрат Әуезов 80 жасқа толды

2 Қаңтар 2023, 11:37
4767
Бөлісу:
Мұрат Әуезов 80 жасқа толды

Белгілі шығыстанушы, түркітанушы, мәдениеттанушы ғалым, қазақ дипломатиясының қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезов 80 жасқа толды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Атамұра» баспа корпорациясының президенті Рахымғали Құл-Мұхаммед Faсebook парақшасында Мұрат Әуезовті құттықтады.

Бүгін қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің ұлы, белгілі шығыстанушы, түркітанушы, мәдениеттанушы ғалым, тамаша эссеист, қазақ дипломатиясының қайраткері Мұрат Әуезов 80 жасқа толып отыр. Осыған орай ырымшыл халықтың баласы ретінде қоян жылының алғашқы күнін Әуезовтер шаңырағына барып, Мұрат ағаны мерейтойымен құттықтаудан бастадым – деп жазды Рахымғали Құл-Мұхаммед.

Мұрат Мұхтарұлы Әуезов 1943 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында Жамбыл облысының Меркі кентінде дүниеге келген.

Ғалым М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын «Қытай филологиясы» мамандығы бойынша бітірді. КСРО Ғылым Академиясының Әлем әдебиеті институтында әдебиет теориясы бойынша филология ғылымдарының кандидаты дәрежесі үшін диссертация қорғады. Қазақстан Журналистика Академиясының толық мүшесі.

Мұрат Әуезов «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор (1981-1987), Қазақстан Жазушылар одағының көркем аударма және әдеби өзара байланыстар жөніндегі алқасының басшысы (1988-1990), Қазақстандағы «Мир» телерадиокомпаниясының көркемдік жетекшісі (1990), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, Кеңес Президиумының мүшесі, парламентаралық байланыстар жөніндегі комитеттің төрағасы (1990), Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры (2003-2006) секілді жоғары қызметтерді атқарды.

Мұрат Мұхтарұлының «Времен связующая нить», «Иппокрена. Хождение к колодцам времен» еңбектері бар.

Өзгелердің жаңалығы