Мүлікті жымқыру. 3 автокөлік мемлекетке қайтарылды

5 Қаңтар 2024, 18:48
692
Бөлісу:
Мүлікті жымқыру. 3 автокөлік мемлекетке қайтарылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Жамбыл облысында прокурорлары мемлекеттік мүлікті жымқыру деректері анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талас ауданының прокуратурасы «Таза-Талас» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) теңгеріміндегі автокөліктерді заңсыз есептен шығару арқылы жымқыру фактілерін анықтады.

Кәсіпорнының басшылығы мекемеге тиесілі нарықтық құны 22 млн теңгені құрайтын 4 автокөліктерді жалған құжаттар рәсімдеу арқылы жарамсыз көлік құралдары ретінде заңсыз есептен шығарып, тиісті аукцион өткізбей, тікелей үшінші тұлғаларға сатқан.

Аталған дерек бойынша Талас ауданының прокуратурасы қылмыстық іс тіркеп, оны тергеп-тексеру облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен жүргізілді.

Қазіргі таңда мекеме басшыларының іс-әрекеттері ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (жымқыру) және ҚК 369-бабы 1-бөлігімен (қызметтік жалғандық) сараланды.

Тергеп-тексеру барысында құны 17 млн теңге болатын 3 автокөлік мемлекетке қайтарылды, төртінші автокөлікті қайтаруға шаралар қабылдануда.

Қылмыстық іс сотқа жолдану барысында.

Өзгелердің жаңалығы