Мұғалім оқушыны сабаққа кіргізбеуге және шығарып жіберуге құқылы ма?

21 Сәуір 2025, 14:42
2940
Бөлісу:
Мұғалім оқушыны сабаққа кіргізбеуге және шығарып жіберуге құқылы ма?
Фото: Артём Чурсинов - архив

Заңға сәйкес, білім алу – баланың негізгі құқықтарының біріне жатады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ал мұғалім оқушыны сабаққа кіргізбеуге және оны дәрістен шығарып жіберуге құқығы бар ма? Осы сұраққа заңгер Сабира Салимова жауап берді.

"Білім беру туралы" заңның 45-бабына сәйкес, мектептің жетекшісіне оқу-тәрбие жұмысы процесі кезінде оқушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығы мен өмірі үшін жауапкершілік жүктеледі. Сабақтан тыс уақытта оқушының өз еркі өзінде болғандықтан ойына келгенін істеуі мүмкін. Егер мұғалім оқушыны сабақтан шығарып жіберсе, мұғалімнің көз алдында болмайды. Ал мектеп сабақ уақытындағы оқушының өмірі мен денсаулығы үшін тікелей жауап береді. Сабақтан қуылған оқушы заңға қайшы әрекеттер жасауы мүмкін. Сондықтан оқушыны мұғалімнің сабақтан шығарып жіберуге құқығы жоқ, - деп жауап берді заңгер.

Айта кетейік, "Білім беру туралы" заң – республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге арналған заң. 

Өзгелердің жаңалығы