Мотор майларын міндетті таңбалау бойынша пилоттық жобаға дайындық басталды

26 Желтоқсан 2023, 15:00
479
Бөлісу:
Мотор майларын міндетті таңбалау бойынша пилоттық жобаға дайындық басталды
Фото: Altyngul.zhanabay@digitaleconomy.kz

Пилоттық жобаға дайындықтың шеңберінде Павлодар, Семей және Шымкент қалаларындағы үш ірі отандық мотор майын өндірушілердің өндіріс орындарын аралау жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сапар аясында логистика және сауда процестерін, пилоттық жобаға қатысушылар пайдаланатын ақпараттық жүйелерді зерделеу, сондай-ақ, ақпараттық жүйеге нақты функционалдық талаптарды әзірлеу бойынша іс-шаралар жүргізілді. Барлық қатысушылар қабылданған шаралардың тиімділігін тексеру мақсатында пилоттық жобаға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

Пилоттық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасындағы мотор майы саласына талдау жасау, атап айтқанда импорт пен экспорт көлемін, ішкі өндіріс пен тұтыну үлесін, контрафактілік өнімдердің үлесін анықтау маңызды міндет болып табылады. Оны өткізу - алдағы 2024 жылы, ал қорытындыларды 2025 жылдың ақпан айында шығару жоспарлануда. Қазақстан Республикасының аумағында контрафактілік өнімдерді анықтау жағдайларының көбеюіне байланысты мотор майларын міндетті таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Мотор майларының таңбалануы және қадағалануы контрафактілікпен күресуге және отандық өнімге деген сенімді арттыруға көмектеседі деп сенеміз. Біз пилоттық жобаны жүзеге асыруға толық дайынбыз және Бірыңғай оператормен осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, - деп түсініктеме берді «Семей мұнай зауыты» ЖШС бас директоры Звезда Юрий Олегович.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда темекі бұйымдары мен аяқ киім өнімдеріне міндетті таңбалау енгізілген. Ал 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда дәрі-дәрмектің 100 пайызына міндетті таңбалау енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы